Шартарап

Израильдік Наама Иссахар Путиннен рақымшылық сұрады

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Ресейде есірткі контрабандасы айыбымен сотталған Израиль азаматы Наама Иссахар өзіне рақымшылық сұрап, президент Владимир Путинге өтініш жасады. Бұл туралы Иссахардың адвокаттарына сілтеме жасаған ресейлік БАҚ хабарлайды. Содан бірер күн бұрын Иссахар рақымшылық сұрамайтынын айтқан еді. Ол бұл мәселені шешу үшін өзінің анасы мен Израиль басшылығының Путинге қолқа салуы жеткілікті деген.

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Иссахардың жеке өзінен өтініш түспеуі "процесті тежеп тұрғанын" айтқан. Ресей заңына сәйкес, рақымшылық жасау үшін оны сұрап отырған адам жеке өз атынан өтініш жасауы тиіс. "Барлық шарттар орындалуы керек" деген Песков.

 

Дегенмен, Украина мен Ресей өзара тұтқын алмасқан кезде ондай өтінішсіз-ақ рақымшылық жасалғаны белгілі.

 

Былтыр қазанда Ресей соты Наама Иссахарды жеті жарым жылға бостандығынан айыруға үкім еткен. 2019 жылы наурызда Үндістаннан Мәскеу арқылы Тель-Авивке ұшып бара жатқан 25 жастағы Израиль азаматы Иссахардың жүгінен 10 грамға жуық гашиш табылған. Иссахар есірткіні тыққанын мойындағанымен, контрабандамен айналыспағанын айтқан. Оның сөзінше, ол есірткімен Ресей шекарасын кесіп өтпеген, ал Израильде бұл затқа тыйым салынбаған.

 

Ресей Иссахарды АҚШ-тың сұрауы бойынша Израильде қамауда отырған ресейлік хакер Алексей Бурковқа айырбастауды ұсынған. Иссахарға үкім шыққаннан кейін Израиль Бурковты АҚШ-қа берген.

 

23 қаңтарда Израиль басылымдары Исаахарға рақымшылық жариялайтын болса, Ресейге Иерусалимдегі Александров қонақ үйін пайдалану құқығы берілмекші деген ақпарат таратты. Сол күні Владимир Путин Израильге сапармен барды. Ол Исаахардың анасымен кездесіп, "барлығы жақсы болады" деп уәде берген. Исаахарға рақымшылық жасауды Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да сұраған...

 

azattyq.org




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 21:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30