Жағажайдағы мейрамханада атыс кезінде екі турист әйел қайтыс болды

25 қазан 2021, 09:39

Екі шетелдік турист Мексикадағы Кариб теңізіндегі Тулум жағажай курортындағы екі есірткі тобының арасындағы атыстың ортасына түсіп қалды. Бұл туралы The Guardian жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

 

Оқиға 20 қазанда кешке қаладағы мейрамханалардың бірінде болды. Аудандық прокуратураның хабарлауынша, есірткі сатумен айналысқан екі қылмыстық топтың арасында қарулы қақтығыс болған. Атыс кезінде Германия мен Үндістаннан келген туристерге - екі әйелге оқ тиеді. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Атыс шығарғандардың бірі қамауға алынған.

 

Тулум мэрі өлтірілгендердің қылмыскерлерге қатысы жоқ екенін және кездейсоқ қайтыс болғанын растады. Сондай-ақ, атыс кезінде тағы үш турист зардап шекті. Олар Германия мен Нидерландыдан келген. Қала басшысының айтуынша, соңғы кезде курорт есірткі саудасы мен бопсалауға қатысты қылмыскерлердің зорлық-зомбылық әрекеті жиілеп кеткен.