"Жағдайымыз өте қиын": Түркияда халық жалақыны көтеруді талап етіп наразылыққа шықты

13 желтоқсан 2021, 10:50

Стамбулда жексенбіде ірі түрік кәсіподақтары, 5 мыңға жуық адам көшеге шығып, инфляция мен Түрік лирасының құлауына наразылық білдірді. Наразылық білдірушілердің басты талабы – ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Түрік лирасы долларға қатысты құнының 43 пайызын жоғалтты. Қараша айында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, Түркиядағы инфляция 21 пайыздан астам болды, бірақ оппозиция бұл сандар аз деп санайды және экономиканың нақты жағдайы одан да нашар.

Отбасымызда екеуміз жұмыс істейміз, бірақ тапқанымыз пәтерге, коммуналды қызметті төлеуге жетпейді. Қазір жағдайымыз қиын, себебі жалақымыз ең төменгі деңгейде. Егер бұл соманы 5200 лирге дейін көтерсе, кішкене болсын жағдайымыз түзелер еді”, – дейді наразылыққа шығушылардың бірі. 

Олардың айтуынша, көшеге осы проблемаларды өзгерту үшін шыққан. 

“Үйде қала беруімізге болар еді, бірақ ары қарай бұлай өмір сүре беруге болмайды. Біз өзгерістерді қалаймыз. Қазіргі үкімет отставкаға кетуі тиіс. Себебі ол ақшаны өз қалтасына салып, халықты тонап отыр. Міне, осы себепті біз осындамыз. “Тоқтатыңдар! Біз көшедегі акцияны жалғастырамыз” деп айту үшін шықтық”, – дейді митингке қатысушылардың бірі.

Еске салсақ, 2019 жылдың шілдесінен бастап ел президенті Режеп Тайып Ердоған Орталық банк басшысын үш рет өзгертті, нәтижесінде қараша айынан бері Түркияда екі рет жаңа Қаржы министрі тағайындалды.