Шартарап

Жаһандық кедейлік басталады - БҰҰ

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Адамзат үшін әлемдік кедейліктің басталуы болжанды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған.

 

Коронавирустық пандемия 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстырмалы түрде бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелетіні атап өтілген.

 

Ұйым өкілі Оливье де Шуттер әлем бойынша 176 миллион адамға кедейлік қаупі төніп тұрғанын айтты. Баяндамада көптеген елдерде пандемия кезінде азаматтарды қолдау бойынша қысқа мерзімді шаралар қабылданған, бірақ олар жеткіліксіз екені баса айтылған.

 

"Кедейліктің негізгі деңгейі күніне 3,2 доллар болса, тағы 176 миллион адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл "КОВИД-19 жоқ" кездегі сценарийімен салыстырғанда кедейлік деңгейінің 2,3 пайызға өсуіне тең", - деді ол.

 

Шуттер мемлекеттерді кедейлік пен теңсіздікті жою үшін неғұрлым батыл қадамдар жасауға шақырды, өйткені қазіргі жағдайда, оның пікірінше, ауыр дағдарыс сөзсіз болады және оның салдары адамзатқа ауыр әсер етеді.

 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 02:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31