АҚШ-тағы Айова штатының тұрғыны жалғызбасты ана Ларин Уэст Powerball лотереясынан 198,1 миллион доллар ұтып алғаннан кейін жұмысынан шығып кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Ларин қомақты қаржыны бірден қолына алғысы келгендіктен, оған соманың жартысы ғана берілген. Себебі АҚШ заңнамасына сәйкес қалған сома салық ретінде алынады екен.
Екінші ұтыс билетін Нью-Йорк тұрғыны екені анықталған. Алайда жеңімпазға қатысы әзірге ақпарат жоқ.
"Жеңген кезде барлық жауапкершілікті және оның әсерін түсінесіз, сондықтан жеңілтектіктен бірден арыласыз", - деп сезімдерімен бөлісті Ларин Уэст.
51 жастағы Уэст медициналық сақтандырумен айналысатын компанияда жұмыс істеген екен. Ол өткен аптада жұмыстан шығып кеткенін хабарлады.