Шартарап

Жаңа босанған әйел терезеден өзінің және өзгенің нәрестесін лақтырып жіберген

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15-тен 25 жылға дейін бас бостандығынан айрыруы мүмкін.


Өзбекстанның Наманған облысыда әйел перзентхананың терезесінен өзінің және өзгенің нәрестесін лақтырып жіберген. Ол денсаулығында кінәратпен туылған қызынан арылу үшін осындай әрекетке барыпты.


9 қыркүйекте Наманған облыстық перзентханасының артқы ауласынан ауыр жарақаттанған екі қыз бала табылды. Нәрестелер жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, олар көз жұмды.


«Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, пациенттердің бірі қызының аяғында кінәратпен туылғаны үшін күйзеліп, одан арылуды ұйғарып, қылмысын жасырмақ болған. Ол перзентхананың екінші қабатының терезесінен өзінің жаңа туған қызы мен сол палатада жатқан өзге әйелдің сәбиін лақтырып жіберген», - делінеді хабарламада.


Аталған дерек бойынша жаңа туған қыздың анасына қатысты «қасақана адам өлтіру» бабы бойынша, сонымен қатар перзентхананың жауапты тұлғаларына қатысты «кәсіби міндеттерін тиісті түрде орындамау» бабына сәйкес іс қозғалған.


Әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15-тен 25 жылға дейін бас бостандығынан айрыруы мүмкін.


 ktk.kz




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30