Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа жыл мерекесіне қарсы әйел алаңдағы шыршаны өртеп жіберді

31 желтоқсан 2022, 10:59

Қырғызстанның Майлуу-Суу қаласында әйел алаңдағы шыршаны өртеп жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап жазды. 

Оқиға 30 желтоқсанға қараған түні болған.

 

«Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, өз кінәсін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол Жаңа жылға сенбейді. Әйел адамдар суретке түспеуі үшін шыршаны өртеуге бел байлаған», – делінген хабарламада.

 

Оқиға дерегі бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Жергілікті бюджеттен 90 мың сом (486 мың теңгеден астам) бөлінген шырша 25 желтоқсанда орнатылған. Оның биіктігі – 5 метр.