Шартарап

Жантүршігерлік видеоларды көріп, бұл - Қазақстан деп айтқанда жерге кіріп кетемін

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Нью-Йоркта тұратын қазақ полицей Димаш Ниязов өзінің Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Жыл сайын көп жануар өлтіріледі және ешкім бұл үшін толық жауапкершілікке тартылмайды. Қазақстандағы бұл жануарлар біздің көмегімізге мұқтаж және қорғауымызды қажет етеді. Олардың құқықтар болуы қажет, өз кезегінде оларды қорлайтын және өлтіретіндер қатаң жазалануы тиіс", - дейді ол видео астындағы жазбада.

 

"Тоқаев мырза, менімен бірге учаскеге жүріңізші, көрсететін нәрсе бар. Қош келдіңіз. Бізде мұнда жануарларға арналған арнайы қапас, иттерге арналған азық-түлік, қамыттар бар. Біз оларды құтқарамыз, баспаналарға апарып, оларға қамқорлық жасаймыз.

Мұнда жануарларды қорлауға, қалдырып кетуге немесе оларға қауіп төндіруге тыйым салынады. Сонымен бірге, иттерді нашар ауа райында далада қалдыруға болмайды.

Ал неге Қазақстанда жануарлар қорғалмайды? Неге оларға көмектесу жұмыстары полициямен бірлесе жүргізілмейді? Неліктен жануарларды қорлайтындар жазаланбайды? Неге еріктілер мен волонтерлерге қаржылай көмек көрсетпеске?

Президент мырза, өткен жылы сіз жануарларды қорғау туралы, өзін мейірімді ұлт ретінде көрсету керектігі жайында айтқан едіңіз. Бірақ мен жануарларды құтқарумен айналысатын еріктілерді қолдауды көріп жүрген жоқпын.

Менің көріп жүргенім, адамдардың балалардың алдында жануарларды өлтіріп жүргені. Оларды тұншықтырып, өлтіріп, күшіктерді, тіпті өртеп жүр. Неге бұлай болып жатыр? Неге біз басқа елден кино әртісі бізге хат жазғанша күтуіміз керек? Адамдардың осындай жантүршігерлік видеоларды көріп, мынау Қазақстан екенін айтқаны маған батады, жерге кіріп кетемін. Бұл - масқара", - деп жазды.

 

Үндеуінде Димаш Ниязов биылғы жыл - волонтерлер жылы екенін атап өтті.

 

"Сіз еріктілік - патриотизмнің жоғары көрінісі екенін айттыңыз. Биылғы жылы жануарларды қорлайтын адамдарды жазалау туралы заңдар мен жануарлар құқықтарына ерекше көңіл бөліңіз", - деді ол.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CCL_02YjZhR/




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31