Шартарап

Жапония жалғыз бастыларды табу үшін санақ жүргізбек

  • Жапония жалғыз бастыларды табу үшін санақ жүргізбек

    Жапония жалғыз бастыларды табу үшін санақ жүргізбек

Жапония билігі күн тәртібіне ерекше міндет қойды. Ол &ndash елде санақ жүргізіп, жалғыз басты жандарды табу. Табу арқылы, оларға көмектесу. Жалғыздық мәселесімен білдей бір министрлік айналысады. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония Аймақтық даму министрлігінің басшысы Тэцуси Сакамотоның айтуынша, халық санағымен айналысатын 10 мың адам дайын тұр.

"Осы аптада үкімет канцеляриясы аталмыш мәселе бойынша арнайы бөлім құрады", - дейді Сакамото.

Жапон үкіметінің айтуынша, жалғыз қалған жандардың көбі суицидке жиі баратын көрінеді. 2020 жылы 21 мың адам өз-өзіне қол салған. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен бірдей.

 Сондықтан жаңадан құрылған бөлім суицидке бейім жандарды анықтап, солармен жұмыс жүргізбек.

Бұған дейін жапон үкіметі жалғыздық мәселесімен айналысатын арнайы министрлік құратынын мәлімдеген. Мемлекеттік хатшы Кацунобу Катоның айтуынша, елде суицидтің көбеюіне бір жағынан пандемия да әсер етсе керек.
Qymbat Slyambek




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30