Шартарап

Жапонияда 11 млн адамға эвакуация жарияланды

  • © reuters.com

    © reuters.com

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.


Жапонияда Хагибис тайфунынан қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Тайфун кесірінен алпыстан астам адам жарақаттанып, 7 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Жапония билігі тағы 4,2 миллион адамға эвакуация жасауды ұсынды.


«Жапония билігі 11 миллионнан астам адамға эвакуация жариялады. Хагибис тайфуны жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-де басталды. Тайфун сағатына 225 км жылдамдықпен Токионың батысынан шығысына қарай бара жатыр», деп жазады басылым.


Жапонияның көлік министрлігі екі әуежайдың уақытша жабылғанын және екі мыңға жуық рейстің тоқтатылғанын хабарлады. Сондай-ақ Токиода темір жол мен қоғамдық көліктер қызметі, кейбір сауда орындарының жұмысы тоқтап тұр.


Жапонияның метеорологиялық агенттігінің (JMA) айтуынша, бұл соңғы алпыс жылдағы ең ірі тайфун болуы мүмкін. 1959 жылы Жапонияда «Ида» тайфунынан 1200-ден астам адам қаза тапқан еді.


azattyq-ruhy


 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 18:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30