Шартарап

Жапонияда COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады

  • Жапонияда COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады

    Жапонияда COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады

Жапонияда Pfizer және BioNTech шығарған COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады. Бұл туралы Reuters елдің министрлер кабинетінің хатшысы Кацунобу Катоға сілтеме жасап хабарлайды.

Кацунобу Като вакцинациядан кейін қажет арнайы шприцтердің болмауы салдарынан лақтыруға тура келгенін айтты. Енді Үкімет шұғыл сұраныс жіберген, ал өндірушілер өндірісті ұлғайтуға тырысып жатыр.

 
Pfizer вакцинасының бір бөтелкесі алты инъекцияға арналған, бірақ барлық алты дозаны алу үшін инъекциядан кейін препараттың аз мөлшерін сақтайтын арнайы шприцтер қажет.

Кәдімгі шприцпен тек бес инъекция жасауға болады. Яғни Жапония тапсырыс берген 72 миллион адамның орнына бұл фармакологиялық компания шамамен 60 миллион адамды вакцинациялай алады.

Айта кетейік, Жапонияда вакцинаның бірінші партиясы елге 12 ақпанда әкелінді. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі оны пайдалануды 14 ақпанда мақұлдады. Препарат 16 жастан асқан адамдарға егіледі. Олар үш аптадан кейін вакцинаның екінші дозасын алады. Медицина қызметкерлерін вакцинациялау 17 ақпанда басталады.




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30