Шартарап

Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

  • Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

    Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

  • Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

    Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

Бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта жерлестерімізге карантинді зонада қалу керек.

Ведомство олардың денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Кемеде қалған төрт қазақстандықтың ешқайсысы өзін нашар сезінбеген. Қауіпті вирус белгілері анықталған жоқ.

Карантин 2020 жылдың 19 ақпанында аяқталады. Алайда 80 жастан асқан 11 адам лайнерден жіберілді. Олар борттан кетпес бұрын тиісті медициналық тексерістен өтті. Коронавирус анықталған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

Қазіргі уақытта 3,7 мың адам карантинге жатқызылған.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218- ді құрады.




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

сенбі, 15.02.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30