Шартарап

Жапонияда зымыран құлады

  • Жапонияда зымыран құлады

    Жапонияда зымыран құлады

 Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген. Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай кезекті мәрте екі баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды qazaqtimes.com.


Олардың біреуі күншығыс елінің Симанэ префектурасына қарасты экономикалық аймағына түскен.


Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында ешқандай кеме жапа шекпеген. Бұған қатысты Оңтүстік Корея тарабы зымырандардың Вонсан портына жақын жерден атылғанын мәлімдеді.


Кеше Уашингтон мен Пиоңяң Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөзді қайта бастайтынын хабарлады. Былтыр қарашада АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған.


Айта кетейік, КХДР осыған дейін мамыр, шілде және тамызда сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырған болатын.


Тамыздың өзінде Пиоңяң 5 сынақты жүзеге асырған. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.


Sn.kz




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 15:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31