Жапониядағы ең үлкен жанартау атқылады

20 қазан 2021, 23:48

Жапонияның Кумамото префектурасында Асо жанартауы атқылады.

Жапонияның метеорология агенттігі дабыл көрсеткішін үшінші деңгейге көтерді және жергілікті тұрғындарға оңтүстіктегі Кюсю аралында жанартау атқылауына байланысты лава мен тас құлау қаупі туралы ескертті.

Агенттік мәліметінше, жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 11:43 шамасында атқылаған.

Жанартау атқылауы салдарынан түрлі тау жыныстары құлады, ал лава 3,5 шақырым биіктікке көтерілген.

2014 жылы Жапонияның Нагано префектурасы орталығындағы Онтакэ тауында жанартау атқылап, салдарынан 63 адам қаза болған.

aikyn.kz