Шартарап

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр

  • Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр

    Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.


Бұған әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалатын шығын себеп болған сыңайлы. Әсіресе зейнетақы мен жәрдемақы бюджетке үлкен салмақ болып тұр. Бұған денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды қосуға болады. Жалпыға бірдей денсаулық сақтандыру жүйесі Жапонияда осыдан шамамен 60 жыл бұрын енгізілген. Оған сәйкес елдегі барлық ауруханаларда медициналық қызметтерге бірдей баға бекітілген. Мемлекет әлеуметтік дәрежесіне қарай науқастың емі мен дәрілерге жұмсаған шығындарының тоқсан процентіне дейін өтейді. Сөйтіп мұндағы сапалы медицина халықтың өмір жасын ұзартуға сеп болды, бірақ мемлекетті шығынға батырған.


Иши Хикару, онколог, аурухана иесі: Тез арада шешілуі тиіс мәселелер бар. Мысалы қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілер өте қымбат. Сол себептен онкологиялық ауруларды емдеудің өзі бүкіл жүйені құлдыратуы мүмкін. Озық құрал-жабдықтар және заманауи тәсілдемелермен емдеу мемлекет тарапынан қомақты қаржыны талап ететінін түсіну қажет. Біз тиісті өзгерістер арқылы ғана медициналық сақтандыру жүйесін сақтап қала аламыз. 


 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 22:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31