Шартарап

Жарты миллионнан астам халық өзін зорлап келген өгей әкесін өлтірген әйелді ақтауды талап етуде

  • Жарты миллионнан астам халық өзін зорлап келген өгей әкесін өлтірген әйелді ақтауды талап етуде

    Жарты миллионнан астам халық өзін зорлап келген өгей әкесін өлтірген әйелді ақтауды талап етуде

Жарты миллионнан астам француз өгей әкесі әрі күйеуін өлтірген әйелді ақтау туралы петицияға қол қойған. Ер азамат айыпталушыны 25 жыл бойып қорлап, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Сурет: bbc.com сайтынан

 
40 жастағы Валери Бакоға қандай жаза қолданылатыны бір аптадан кейін анықталады. Оның ішімдікке әуес анасының азаматтық некедегі жұбайы - 37 жастағы Даниэль Полетт  Валериді 12 жаста болғанда алғашқы рет зорлайды. Полетт бұл әрекеті үшін түрмеге отырады, алайда бостандыққа шыққан соң бұрынғы әдетіне қайта басады. 17 жасында Валери одан жүкті болып қалған. Мұны білген анасы көңілдесі мен қызын үйден қуып шығады. Содан кейін Полетт пен Валери бірге тұра бастайды. 

Ер азамат қызды өлтіремін деп қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұған қоса, ол Валериді әйелдермен төсектес болуға міндеттеп, бұны видеоға түсірген. 

Тергеушілер Полетт айыпталушыны бірнеше рет соққыға жығып, оның мұрнын сындырып, басынан балғамен ұрғанын анықтаған. 

Валеридің сөзінше, оның күйеуі үйден шығармай, басқаларымен сөйлесуге тыйым салған. Ол Полеттен төрт бала босанған. Балалар әкелерінің қатыгездігін айтып, полицияға бірнеше рет шағымданыпты, алайда тәртіп сақшылары олардың сөзін елемеген. 

Бір күн балалардың бірі әкесінің тапсырыспен жасатқан визиттік картасын көріп, анасынан "эскортшы қыз" кім деп сұрайды. Бұған қоса, Полетт 14 жастағы туған қызымен жыныстық қатынас жайлы сөйлесе бастайды. Бұған шыдамаған әйел оны өлтіруге бел буады. 2016 жылы Валери күйеуін тапаншамен шүйдесінен атып өлтіріп, жасы үлкен екі баласының көмегімен оның мүрдесін жасырып қояды. Алайда 2017 жылы қылмыстың беті ашылады. Әйел адам өлтіргенін бірден мойындайды. 

"Мен оның бұл ісін тоқтатуым қажет болды. Мен өмір бойы қорқынышпен өмір сүріп келдім", - дейді Валери Бако. 

Сөзінше, ол бұл қылмысы үшін жаза арқалауы тиіс. Басқа амалым болмады деген ол балаларының өмірі үшін аландағанын алға таратады. Валери бұл туралы тіпті "Барлығы білді" атты кітап жазып шығарады. 

"Ол адам өлтірді, бірақ Валери қылмыскер емес. Ол мұндай қадамға 25 жыл бойы көрген қорлықтан кейін барған. Егер бұған нүкте қойылмаса, оның қызы анасының күнін кешеді деп қорыққан", - дейді Валеридің адвокаты Джанин Бонагунта.

Айта кетсек, Францияда жолдасының қолынан көз жұмған әйелдердің саны бойынша Еуропада көш бастап тұр. Жыл басынан бері мемлекетте мұндай 55 дерек тіркелген. 




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 14:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31