Жарылыс салдарынан 25 құрылысшы мерт болды
Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 25 құрылысшы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, өрт сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13:32-де басталған. Болжам бойынша, өрттің шығуына құрылыс жұмыстары кезіндегі жарылыс себеп болған.
«Қызыл жалын тез тарағандықтан адамдар эвакуцияланып үлгермегенге ұқсайды», - дейді оқиға орнына келген өрт сөндірушілер.
Оңтүстік Корея билігі іздеу-құтқару операциясын ұйымдастыруға қолда бар ресурстың барлығын жұмылдыруға бұйрық берді.