Шартарап

Жас босанған әйелдің шетінеп кеткен қызы 30 жылдан кейін еркек боп қайтып келді

  • Жас босанған әйелдің шетінеп кеткен қызы 30 жылдан кейін еркек боп қайтып келді

    Жас босанған әйелдің шетінеп кеткен қызы 30 жылдан кейін еркек боп қайтып келді

АҚШ-тың  Лос-Банос қаласының тұрғыны өзінің 29 жастағы ұлы бар екенін білді. Алайда әйел осыған дейін оның тірі екенін білмепті.


Жас босанған әйелдің шетінеп кеткен қызы 30 жылдан кейін еркек боп қайтып келді


KMPH-TV мәліметінше, Тина Бехарано 17 жасында тұңғышын босанған. Ол жаңа туған қызына  Кристин деген есім беріпті. Алайда жас босанған әйел перзентін көре алмаған. Себебі бастапқыда анасы оған қызын перзентханадан алып келуге тыйым салса, артынша нәрестенің туылғаннан 15 минуттан соң шетінеп кеткенін айтып сендіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Содан бері арада өткен 29 жыл ішінде Бехарано тағы бес баланы дүниеге әкелген. Ол осыған қарамастан шетінеп кеткен тұңғышын ұмытпапты. Тіпті, жыл сайын Кристиннің туған күнін атап өтетін болған. 


2018 жылы әйел бейтаныс біреуден электронды хат алған. Хат иесі генеалогиялық қызметтердің бірінің көмегімен ДНҚ тестін жасап, күтпеген мәліметке қол жеткізіпті.


«Бізге сөйлесу керек сияқты. Мұнда біздің туыс екеніміз, менің анам екеніңіз көрсетілген», - деп жазылған хатта. 


Артынша анықталғандай, Кристин дүниеге келгеннен кейін тірі қалған екен. Қыздың жарық дүниеге келгеніне 5 күн болғанда оны Лас-Вегаста тұратын ерлі-зайыпты асырап алады. Осылайша, ол өзін асырап алған отбасында бой жетіп, артынша жынысын еркекке ауыстырып тастапты. Ендігі ол Нью-Джерсиде әйелі және баласымен бірге тұрып жатыр. 


Жас босанған әйелдің шетінеп кеткен қызы 30 жылдан кейін еркек боп қайтып келді


«Ол жынысын ауыстырды ма, жоқ па, ол жағы мені алаңдатпайды. Қандай айырмашылығы бар?! Бастысы, ол – менің балам. Оның тірі екеніне өте қуаныштымыз», - дейді Тина Бехарано.




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

сенбі, 19.10.2019, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30