Шартарап

Жас босанған келіншек бір айдан кейін тағы бір ұл мен қызды дүниеге әкелді

  • Көрнекі сурет.    © Sputnik / Сергей Гунеев

    Көрнекі сурет. © Sputnik / Сергей Гунеев

Бангладеште жас босанған әйел бір айдан соң тағы бір ұл мен қызды аман-есен өмірге әкелді, деп хабарлайды Mirror.


Бангладеште тұратын жас отбасы – 20 жастағы Арифа Султана мен күйеуі Сумон Бисуоз 25 ақпанда алғаш рет перзент сүйіп, ата-ана атанған екен. Жас ана нәрестесімен бірге жаңа өмірге енді қалыптасып жатқанда, 26 наурыз күні тағы да перзентханаға түседі.


Келіншек көп ұзамай егіздерді босанды, жаңа туған ұл мен қыздың денсаулығы өте жақсы, дейді дәрігерлер.


Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Арифаның екі жатыры бар екен, сол себепті босанғаннан кейін егіздерге әлі де аяғы ауыр екенін білмеген. Бұл табиғатта өте сирек кездесетін құбылыс екен. Бірінші баласын туғаннан кейін 26 күнде тағы да суы кетіп, перзентханаға жеткізіліпті.


Тұрмыс деңгейі орташа жас жұбайлар жарық дүние есігін енді ашқан сәбилерін өсіруге шамамыз жетер ме екен деп уайымдайды. Дегенмен отағасы үш баласын да ешкімнен кем қылмаймын деп өзіне серт беріп отыр.


"Алланың берген сыйы шығар, сәбилерімнің бәрі дені сау болып туды. Оларды бақытты ету үшін барымды саламын", - деді үш баланың әкесі Сумон.


Sputnik


 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31