Шартарап

Жасөспірім киберспорт жарысында $3 млн ұтып алды

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Американдық жасөспірім Fortnite компьютерлік ойынының халықаралық жарысында 3 млн доллар ұтып алды. Бұл –электронды спорт тарихында берілген ең үлкен жүлде қоры.


Нью-Йоркта өткен жарыста 16-жасарлық Кайл Гирсдорф ақтық мәреге жеткен 100 ойыншының арасында үздік атанды. Виртуалды сайыстың жалпы жүлде қоры 30 млн долларды құрады.


Чемпионаттың алғашқы кезеңінен өту үшін 10 апта бойы әлемнің түкпір-түкпірінен 40 миллион ойыншы таласқан. Соңғы кезеңге жеткен ойыншылар қатарында 30-дан астам елдің өкілі бар.


Ойын шарты бойынша белгісіз аралға тасталған 100 ойыншының арасында жалғыз қалғаны жеңіске жетеді.


Виртуалды ойындар әлем бойынша жасөспірімдер арасында кеңінен танылып келеді. Бүгінде оның миллиондаған аудиториясы бар, ал коммерциялық жағынан 2019 жылы миллиард долларлық индустрия деп бағаланған.


Киберспорт Қазақстанда ресми түрде спорт түрі деп 2018 жылы танылды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Qazaq Cybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. Еліміздің топтары әлемдік жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр.


 egemen.kz




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31