Шартарап

Жеке көлігімен жүруден бас тартқандарға 4,2 мың доллар төленеді

  • http://www.nordbike.ru/

    http://www.nordbike.ru/

Ұлыбритания билігі қоршаған ортаны барынша ластайтын автомобильдердің иелері көліктерінен бас тартып, қоғамдық көлік, велосипед, электроскутер, каршеринг немесе такси қызметі пайдаланатын болса, онда оларға 3 мың фунт стерлинг (4,2 мың доллар) төлемек. Бұл жайында ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ел Үкіметінің қолдауымен жолдардағы кептелісті қысқарту және ауа сапасын жақсартуға бағытталған ілкі жоба осы жылдың көктемінде Ковентри қаласында басталмақ.

 

Өтемақы 2006 жылдан 2016 жылға дейін конвейерден шыққан дизельді және бензинді қозғалтқышы бар автомобиль иелеріне ұсынылады.

 

Бағдарлама 2 жылға есептеліп отыр. Аталған мерзім аяқталған соң оның тиімділігіне баға беріледі.

 

Біріккен Корольдіктің Көлік министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 2019 жылы британдықтар көліктерімен 574 млрд шақырым жол жүрген. Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 11 пайызға көп.

 

Велосипед және жаяу жүргінші мәселелері жөніндегі қайырымдылық ұйымының басшысы Ксавье Брйстың айтуынша, Ұлыбританияда көмірқышқыл газы шығарындысының басым бөлігі көліктерге тиесілі болып отыр. Бұл жайт жыл сайын ел экономикасына миллиардтаған доллар шығын әкеледі.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 03:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30