Шартарап

Жемқорлықпен күрес қоры "Путин сарайы" туралы зерттеу жариялады (видео)

  • "Путин сарайы". https://www.azattyq.org/

Жемқорлықпен күрес қоры "Путин сарайы" деген атпен белгілі Геленджик түбіндегі зәулім сарай жайлы зерттеу жариялады. Бір күн бұрын Химки соты Германиядан Ресейге оралған қор жетекшісі Алексей Навальныйды 30 тәулікке қамаған.

 

Зерттеу Навальный ұсталғанға дейін жасалған. Деректі фильм жанрында түсірілген 2 сағатқа созылатын видеода фильм авторларының бірі әрі жүргізушісі ретінде Навальныйдың өзі де көрінеді.

 

"Путин сарайы" деген атпен белгілі резиденция 2005-2010 жылдары Қара теңіз жағалауында Геленджикке жақын маңға тұрғызылған. Сарайдың Ресей президенті Владимир Путинге арналғанын 2010 жылы кәсіпкер Сергей Колесников мәлімдеген. Ол жоба құнын 1 млрд долларға бағалаған. Содан бері сарай туралы бірқатар БАҚ жазған, Азаттықтың Орыс қызметі де мақала жариялаған.

 

Жемқорлықпен күрес қоры зерттеуінде сарай құрылысын қаржыландыру схемасына көңіл бөлген. Сонымен бірге сарай интерьерін де сөз еткен.

 

"Бұл Ресейде ең қатаң күзетілетін орын, іс жүзінде "мемлекет ішіндегі мемлекет" деуге келеді. Бұл жүздеген, тіпті мыңдаған адам - ешкім білмейтін күзетші, бағбан, құрылысшыдан бастап Ресейдегі ең бай, танымал адамдарды қамтитын ең үлкен путиндік құпия" делінген зерттеу кіріспесінде. Сарай құрылысына бөлінген қаржыны фильм авторлары "тарихтағы ең ірі пара" деп атаған.

 

Оннан астам сағат ішінде зерттеуді 15,3 млн адам көріп үлгерген.

 

 

Зерттеу саяси ұрандармен - атап айтқанда, Владимир Путин билігімен күресу, сайлауда "Единая Россияға" қарсы дауыс беру тәрізді үндеулермен аяқталады.

 

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков"Подъем" басылымына зерттеу жайлы түсініктеме берген.

 

"Әбден жауыр болған пластинка. Көп жыл бұрын Путиннің ешқандай сарайы жоқ екенін айтып түсіндіргенбіз" деді ол. Кремль осыған дейін де Путиннің Геленджиктегі сарайға қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31