Шартарап

Жергілікті билік қымбат көлік иелерін фестивальде тегін жұмыс істеуге мәжбүрледі

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Өзбекстанның Самарқанд облысының басшылығы Malibu-2 және Captiva автокөліктерінің иелері "Шарк тароналари" фестивалі кезінде қонақтарға тегін қызмет көрсетуге міндеттеді. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.


Шығыс әуендеріне арналған сестиваль 23-30 тамыз аралығында өтеді.


Жергілікті тұрғындардың бірі бұған наразылық білдірді. "Бір апта бойы 30 мың доллар тұратын қымбат көлікпен қонақтарға тегін қызмет көрсетуім керек. Маған бұл ұнамайды" деді ол.


Жергілікті блогерлердің бірі Мирзо Субхоновтың хабарлауынша, 22 шілдеде облыс басшысы "ұйымдар мен заңды тұлғаларға тиесілі қымбат автокөліктерді тегін пайдалану туралы" №07-01/135 қаулы қабылдаған. Блогердің айтуынша, бір апта бойы жергілікті тұрғындардың Malibu-2 және Captiva автокөліктерін тегін пайдалану қарастырылған.


"Бірақ фестиваль қонақтарын күтіп алуға ақша бөлінген, тұрғындарды оған мәжбүрлеуге болмайды" деді блогер.


Дәстүрлі "Шарк тароналари" халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ның бас директоры Одре Азуле қатысады. Бұл фестиваль 1997 жылдан бері екі жылда бір рет өтеді.


 azattyq.org




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 22:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30