Шартарап

Жеті адам қаза тапты: Коронавирусты елемеген тойдың соңы қайғыға ұласты

  • https://lingua-airlines.ru/

    https://lingua-airlines.ru/

АҚШ-та аста-төк үйлену тойының соңы қайғылы жайттарға ұласып, тойдан кейін жеті адам коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды ren.tv.

 

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы коронавирустық инфекцияның таралу жағдайларын талдап, олардың барлығы бір үйлену тойымен байланысты деген қорытындыға келді. Нәтижесінде үйлену тойында дерттің таралуы жеті адамның өліміне себепкер болғаны анықталған.

 

Тойға коронавируспен ауыратын науқас адамдар қонаққа келіп, салдарынан 177 адам ауру жұқтырған. Олардың кейбірі дертті еңсере алмай, қайтыс болған. 55 қонақ қатысқан үйлену тойы Мэн штатында болған екен.

 

Айта кетерлігі, аталмыш штаттың шағын қаласында бұл жайтқа дейін коронавирустың таралу жағдайы тіркелмеген.

 

Қалада аурудың алғашқы жағдайлары үйлену тойынан бес күн өткен соң тіркелген. Алдымен екі қонақ тамақ ауруы, құрғақ жөтел және жоғары температураға шағымданған. Келесі күні тағы үш қонақ ұқсас белгілерге шағымданады. Олардың барлығына коронавирус диагнозы қойылып, кейіннен науқастар саны көбейіп кеткен.

 

Тойдың көптеген заң бұзушылықтармен өткені, профилактикалық шараларды сақтамағаны белгілі болды. Қонақтар бетперде тақпаған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған.

 

Салтанатты рәсімге келген 55 адамның 27-сі коронавирус жұқтырғаны анықталды. Той болған мейрамхананың қызметкерлері де ауру жұқтырған.

 

Кейінірек, екінші реттік байланыстар арқылы инфекция мейрам өткен қаладан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан қарттар үйі мен түрмеге де тараған.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 22:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31