Шартарап

Жезөкшелерді жазалаудың жаңа тәсілі

  • https://jasqazaq.kz/

    https://jasqazaq.kz/

Түркіменстанның Балқан уәлаятында полиция еңбек мигранттарын, араққұмарлар мен жезөкшелерді, сонымен бірге алимент төлемегендерді мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберіп жатыр.

 

Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады.

 

Полиция қызметкерлері адамдарды бөлімшеге шақырып, олардан мақта теруге баруын талап етіп жатыр, деп хабарлады тілші.

 

Бұл азаматтарды Сердар этрапындағы «Азади», «Яшлык», «Сарп», «Жанахыр» диқан бірлестіктеріне, сонымен бірге Берекет этрапындағы «Узынсув», «Махтумкул» және «Түркіменстан» диқан бірлестіктеріне мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберген, – деп хабарлады дереккөз басылым журналисіне.

 

Оның айтуынша, полиция бұны «еңбекпен түзету жұмысы» деп атап, оны «жазаның бір түрі» деп сипаттаған.

 

Бұның алдында Азаттық радиосының түркімен қызметі биліктің бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде мақта тергізіп жатқанын хабарлаған.

 

Түркіменстан биыл 1 миллион 250 мың тонна мақта жинауды көздеп отыр.

 

Түркіменстанда мәжбүрлі еңбекті мақта теруде ғана емес, оны егу кезінде де қолданып жүр.

 

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Түркіменстан билігін сынап отыр.

 

Responsible Sourcing Network ұйымының мәліметінше, биыл 10 тамызға дейін әлемнің 138 бренді түркімен мақтасын, содан жасалған тауарды сатып алудан бас тартты.

 

 

 

jasqazaq.kz




Көрілген: 2278    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31