Шартарап

Жезөкшелікке заңмен тыйым салынуы мүмкін

  • espanarusa.com

    espanarusa.com

Испания премьер-министрі Педро Санчес Социалистік партияның үш күнге созылған құрылтайында мінберден сөз алып, елдегі жезөкшелікке тыйым салып, қылмыстық жауапкершілік енгізуге уәде берді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы ВВС News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі қаншалықты іске асатыны беймәлім. Өйткені, 1995 жылы аталған елде жезөкшелік осы салада жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын санаттан алынып тасталған болатын.

 

Алайда, жеңгетайлыққа және жезөкшелікті кәсіп етуге заңмен тыйым салынған.

 

Сарапшылардың есебінше, бүгінде Испанияда шамамен 300 мың жезөкше бар.

 

Полиция мәліметі бойынша олардың жартысы құлдықта ұсталады.

 

Испанияның социалистік партиясы жезөкшелікке тыйым салу бастамасын 2019 жылы көтерген болатын. Сайлау алдындағы манифесінде.

 

Елдегі секс индустриясын зерттеген Сезар Хара есімді тілшінің келтірген дерегіне қарағанда Испанияда тән саудасы күніне 7-8 млн еуро табыс түсіреді.

 

Ал бұл көрсеткіш бойынша Еуропада екінші орыннан көрінген Германия бұл бағыттағы күресін жариялаған жоқ.

 

Ал еліміздегі жағдайға келсек, бұл тараптағы ақпарат жоқтың қасы. Еліміздегі әлеуметтік кесел мен азғындық туралы осыдан бірнеше жыл бұрынғы мәліметтер (оның өзінде жекелеген тілшілердің зерттеуі бойынша алынған мәліметтер) жаңартылмаған.

 

Дегенмен кей ақпарат көздерінің мәліметі бойынша еліміздегі жезөкшелер қарасы көрші мемлекеттерден, атап айтқанда, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан келіп осы елде тәнін саудалайтындарды қоса ескергенде он мыңнан асып жығылады.

 

Алайда, кейінгі кезде ер адамдар арасында да тәнін сатып пайда табатындар шығып жатыр. Олар туралы дерек жоқтың қасы.

 

 

 

 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 16:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31