Шартарап

Жоғалған 4 жасар бүлдіршін ес-түзсіз жатқан әкесінің қасынан табылған

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Новосибирскіде жоғалып кеткен төрт жасар қыз ес-түзсіз жатқан әкесінің қасынан табылды деп хабарлайды РЕН ТВ.

 

Белгілі болғандай қызынан ұзақ уақыт хабар ала алмаған анасы оған бейнеқоңырау шалады. Телефон қуаты таусылуға шақ қалғанына қарамастан, қыз бала қоңырауға жауап беріп, қайда отырғанын көрсетіп үлгерген.

 

Қатты тоңып қалғанына шағымданған балақайдың көлікте отырғаны, айналасында көпқабатты ғимараттар бары және дельфиннің суреттері ілініп тұрғаны байқалған.

 

Анасы шырылдап көмек сұраған баласына көлік жанынан өткен бірде бір адам көмектеспей, өз шаруаларымен әрі қарай кетіп бара жатқанын да бейнеқоңыраудан байқап қалады. Алайда қуаты таусылған телефон көп ұзамай сөніп қалған.

 

Қызын содан кейін шарқ ұра іздеуге кіріскен анаға еріктілер көмекке келеді. Сол күні кешке қыз баланы Троллейиный тұрғын алабындағы тұрғындар тауып алған.

 

Қыз бала көлікте әбден тоңып қалған екен, ал әкесі қасында ес-түзсіз жатқан.

 

Тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамның есірткі қолданғаннан кейін есінен танып қалғанын айтуда.

 

Бүгінде қыз баланың жағдайы жақсы.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1718    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31