Шартарап

Жоғалған қызды іздеу кезінде жантүршігерлік қылмыс ашылды: ата-анасы жасаған

  • CC0 / Pexels

    CC0 / Pexels

Өзбекстанның астанасы Ташкентте ата-ана өздерінің бес жасар қызын аяусыз ұрып өлтірді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан қала прокуратурасына сілтеме жасап.


"4 қараша күні А. В. деген азамат құқық қорғау органдарына Бектемір ауданында орналасқан Compass сауда кешенінде қызы Д. К. жоғалып кеткенін хабарлаған. Ташкент қаласының прокуратурасы мен ішкі істер бас басқармасы жедел тергеу тобын құрып, қызды табу үшін дереу барлық қажетті шараны қабылдады", - делінген хабарламада.


Құқық қорғау органдары қызды күні бойы іздеп таппаған соң, оны өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам жасайды.


Нәтижесінде 25 қазан күні ерлі-зайыпты Сергели ауданындағы жалға алынған пәтерде ішімдік ішіп, түнгі сағат үштің шамасында баласын қасақана ұрып өлтіргені анықталды.


"Олар қылмысты жасырып, жазадан жалтару үшін мәйіттен құтылуды ұйғарған. Сол күні таңертең оны жол сөмкесіне салып, Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан жалға алынған саяжайға апарып, өртеп жіберген. Ал толық жанбай қалған сүйектерді қапқа салып, Шыршық өзеніне лақтырып жіберген", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарын ізден адастырып, шын мәнінде не болғанын жасыру үшін еркек пен әйел өз балаларының жоғалуын қолдан ұйымдастырған.


Ресми ақпарат бойынша, оқиға болған жерді тексеру барысында Д.К. мәйітінің қалдықтары табылып, айғақ зат ретінде алынды.


Қозғалған қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге күдікті ретінде А. В. мен М.Ф. қамауға алынды.


Тергеу шаралары жалғасып жатыр.


 sputnik




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 16:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30