Жолаушылар ұшақ қозғалтқышының отқа оранған сәтін видеоға түсіріп алды

25 желтоқсан 2021, 20:57

Жолаушылар Ресейдің Тюмень қаласынан Армения астанасына бет алған ұшақтың жарылған қозғалтқышын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

 

"Рейс таңғы 07:20-ға жоспарланған болатын. Ұшу кезінде қозғалтқыш жарылып, рейс тоқтатылды. Жолаушылардың жартысы үйлеріне кетті. Кешке жаңа рейспен жолға шықпақ", - деді жолаушылардың бірінің туысы.

 

Желіде болған оқиғаның видеосы да шықты. Онда әуе кемесінің сол қанатының астында жарқылдар көрінеді.

 

Рощино әуежайы оқиға туралы ақпаратты растады.

 

 

 

sputnik.kz