Шартарап

Жолаушылар ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосын жариялады

  • Фото: instagram.com/e1.news

    Фото: instagram.com/e1.news

Краснодар өлкесінде Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан ұшаққа найзағай түсті. Ұшақ Краснодар әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі E1 басылымына сілтеме жасап.

 

25 қыркүйекте ZF347 рейсі Екатеринбургтен Сочиге жолаушыларды жеткізуі керек еді. Бірақ найзағайға байланысты курорттағы әуежай ұшақ қабылдауды уақытша тоқтатқан. Ұшақ екінші рет айналған кезде, әуе кемесіне найзағай түскен.

 

Рейс жолаушылары найзағай түскен сәтте бортта болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Олар "ұмытылмас" әсері туралы айтты.

 

"Жанымдағы әйел шоқына бастады. Мен де қорыққанымнан дұғаларды есіме түсірдім. Найзағай соққанда мен бұрылып қалдым. Жақын жерде бір жігіт отырған, оның көзін көрсеңіз. Бұл өмірбақи есімнен шықпайды", - деді басылымға жолаушылардың бірі.

 

 

Е1 басылымына сұхбат берушілердің айтуынша, ұшақ сұр бұлттар арасынан өтіп бара жатқанда, оған найзағай түскен.

 

"Найзағай анық көрінді және қатты дыбыс естілді. Адамдар қорқып кетті, кейбіреулер қозғалтқышқа бірдеңе болды деп ойлады. Содан кейін өте қатты құлдырай бастадық, құлап бара жатқанымызды сездік", - деп бөлісті жолаушы Анастасия.

 

Оның айтуынша, белдікті дұрыс тақпағандар орнынан секіре бастаған, бөтелкедегі су мен ыдыстар құлаған.

 

 

 

 




Көрілген: 973    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31