Шартарап

Жүк көлігіндегі 39 мәйіт: күдіктілер кепілақымен босатылды

  • Жүк көлігіндегі 39 мәйіт: күдіктілер кепілақымен босатылды

    Жүк көлігіндегі 39 мәйіт: күдіктілер кепілақымен босатылды

Ұлыбритания полициясы жүктерді тасымалдаумен айналысатын фирманың 38 жастағы жетекшісі мен оның жарын кепілақымен босатты. Осыған дейін, оларды "өлім жүк көлігі" үшін қамауға алған еді, рефрижератордың ішінен 39 адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды Dailymail.


Томас Махер мен оның жары Джоанна жүк көлігінен табылған 39 адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынды. БАҚ мәліметінше, адамдардың мәйіті табылған контейнер соларға тиесілі. Күдіктілерді 11 қарашаға дейін кепілақымен босатқан. Содан кейін олар сотқа келуі керек.


Отбасылық жұпты Чешир қаласындағы өз үйінде 400 000 фунт үшін ұстады. Тергеушілер олардың үш қымбат көлігі мен мотоциклдерін тәркілеген. 


Republicworld мәліметінше, тағы бір күдікті кепілақымен босатылған. Ол 46 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны. Оны лондонлық Станстед әуежайында ұстаған.


Қамауда тағы екі адам бар. Ол 26 қазанда Дублин портында ұсталған ер адам мен жүк көлігінің жүргізушісі. Бүгін Робинсон сот алдында жауап беретін болады. Оған 39 адамның өліміне кінәлі деген айып тағылған және адамдарды шекарадан тасу бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі және заңсыз көші-қон мен ақша жымқыру айыптары тағылған.


Осыған дейін, 23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылғаны айтылды. Құқық қорғаушыларының алдын ала болжамы бойынша, жүк көлігі Болгариядан келіп, елге сенбіде Уэльстің Холихэд атты шекаралық қаласы арқылы кірген. 


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.10.2019, 13:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30