Жүк көлігінен 60-қа тарта мәйіт табылды
Нью-Йок полициясы сәрсенбі күні Бруклиндегі жерлеу үйінің жанындағы жүк машиналарында сақталған ондаған адамның мәйіттерін тапқан. Бұл туралы qamshy.kz тілшісі The New Yor Post газетіне сілтеме жасап хабарлады.
40-тан 60-қа дейінгі мәйт Флэтлендтегі Эндрю Клэкли жерлеу қызметінің сыртындағы U-Haul автокөліктерінің ішінде және ғимараттың еденінде жиналған.
"Көршілер мәйіттің жағымсыз иісі туралы хабарлаған" деп жазады дереккөздер.
–Мәйіттер жүк машиналарының ішінде бір-бірінің үстіне қойылған. Ішінен ағып жатқан сұйықтық жағымсыз иіс шығарып, көрші дүкен қожайындары полиция шақырған,–деп хабарлайды ақпарат көздері.