Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жұқпалы ауруды смартфон арқылы анықтауға болады

20 желтоқсан 2022, 15:51

Смартфонға қосылған құрылғы безгекті анықтау үшін жарықты пайдаланады. Сынақ (тест) бар болғаны 10 секундты алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі PNAS Nexus мерзімді басылымына сілтеме жасап  жазды.

Жаңа миниатюралық спектрометр аталған аурудың адам бойында бар-жоғын тексеру үшін қан алу және оны талдау машақатынан құтқарады. Адам құрылғыны белсенділендіру үшін оның ұшын құлақ қалқасына немесе саусақ ұшына тақап, түймесін басса, жеткілікті. Құрылғы өз кезегінде зиянсыз инфрақызыл сәулені қажетті тіндерге 5-10 секундқа бағыттайды.

 

Австралиядағы Квинсленд университетінің дәрігері Мэгги Лорд басқаратын ғалымдар тобы әзірлеген бұл құрылғыдан адам тініне бағытталатын инфрақызыл сәуле теріден қанға өтеді, ал жарығы оның индикаторы ретінде қызмет етеді. Құрылғы шағылысқан жарық сигнатураны өңдегеннен кейін деректерді смартфонға сымсыз жібереді.

 

Арнайы қосымша пациенттің безгек паразитін жұқтырған-жұқтырмағаны туралы нәтижені нақты уақыт режимінде көрсетеді.

 

Безгек – қауіпті, жұқпалы дерт, ол эритроциттерді зақымдайды, құрылымдық және химиялық өзгерістерді, соның ішінде паразиттерге тән ақуыздарды қалыптастырады. Адамға Anopheles масаларының шағуы арқылы жұғады. Безгектің алдын алуға және емдеуге болады.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 2020 жылы әлемде безгекпен ауырғандар саны 241 млн. адамға жеткен. Сол жылы безгектен шамамен 627 000 адам қайтыс болған.