Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жүкті әйелін зорлай алмағанына ызаланған еркек жантүршігерлік қылмыс жасады

06 сәуір 2019, 22:34

Сарапшылар марқұмның құрсағында бала бар екенін анықтады, ол жүктіліктің екінші айында болған. Қырғызстанда жүкті әйелін өлтірген еркек сотталып жатыр.

Олар сонау 90-шы жылдардың басында үйленген, көп ұзамай отбасында қыз бала дүниеге келеді. Кейін дәм-тұзы жараспай, ажырасқаннан соң тек 25 жылдан кейін кездескен. Бұрынғы ерлі-зайыпты бәрін қайта бастауға шешім қабылдаған, деп жазды Sputnik Қырғызстан.
Бір күні олар ұрсысып қалып, еркек әйелін зорламақ болады. Бірақ ойындағысын іске асыра алмаған, содан оны өлтіріп, мәйітін далаға тастап кеткен... Кейінірек сарапшылар марқұмның құрсағында бала бар екенін анықтайды, ол жүктіліктің екінші айында болған.

Сотта қанышер кінәсін мойындамады, ол мас болғанын және ештеңені есіне түсіре алмағанын мәлімдеді. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға сотталып, марқұмның туыстарына 100 мың сом төлеуге міндеттелуі мүмкін.