Шартарап

Жүкті әйеліне орындық болған жігіт желі жұлдызына айналды (фото)

  • Фото: 120.su

    Фото: 120.su

Қытайлық Дэяна қаласынан шыққан ер адам дәрігер қабылдауында кезек күтіп тұрып, шаршап қалған жүкті әйеліне арқасын төсеп, әпсәтте желі жұлдызына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su басылыма сілтеме жасап.

Дәрігердің қабылдауына келген ерлі-зайыптылар кезегін күтіп, есіктің жанында ұзақ уақыт тұрды. Аяғнан тік тұрып шаршаған аяғы ауыр келіншек қинала бастады. Оны көрген әйел адамның күйеуі бірден жерге отырып, жұбайына "орындық" болып берді.

Сүйіктісіне арқасын төсеген болашақ әкенің іс-әрекеті аурухана қызметкерлері мен болашақ аналарды ғана емес, сонымен қатар, желі қолданушыларының да езуін тартқызды.

Жұбайының демалғанын ойлап, қамын жасаған ер адам бірден желі жұлдызына айналды.

Видеоролик әлеуметтік желілерге тарап, біраз талқыға түсті.

Дүйім жұрт болашақ әкенің осындай іс-әрекетін жоғары бағалап, нағыз әкенің сондай болу керек екенін жарыса жазды.

Көпшілікті жүкті әйелге орын бермей, бей-берекет отырған дамдар қатты таңырқатты. Кадрдан олардың орындыққа жайғасып алып, әйелге тіпті, орын беруге тырыспағанын анық ткөруге болады.

Айта кетейік, Ресейде жүкті әйел перзентханаға кіре алмай, амалсыз көлікте босанған болатын.

Толғақ қысқан әйелін перзентханаға өзінің жеке көлігімен әкелген азаматты мекемеге күзет қызметкері кіргізбеген.

Ешбір медициналық көмек көрсетілмеген әйел көлік ішінде босанған.

Осы оқиғадан кейін бас дәрігер тәртіптік жазаға тартылған еді.

 




Көрілген: 3651    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.12.2019, 11:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31