Шартарап

Жұқтырғандардың 75%-ы көз жұматын қауіпті вирус таралуда

  • Жұқтырғандардың 75%-ы көз жұматын қауіпті вирус таралуда

    Жұқтырғандардың 75%-ы көз жұматын қауіпті вирус таралуда

Үндістанда жұқтырғандардың 75%-ын өлімге алып келетін вирустың жаңа түрі таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Үндістанның Керала штатында өлімге әкелетін Nipah вирусының өршуі тіркелді. Бұл туралы Вайн Джордж штатының денсаулық сақтау министрі мәлімдеді деп хабарлайды

 
Министрдің айтуынша, жаңа вирустың белгілері 11адамда анықталған. Олар қазір ауруханаға жатқызылған, жағдайлары тұрақты. 

"Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханада 38 адам оқшауланған, олардың 11-де симптомдар пайда болды. Сегіз адамнан алынған сынамалар Ұлттық вирусология институтына тестілеуге жіберілді”, – деді Джордж.

Бұған дейін Үндістанның Керала штатында Nipah вирусының өршуіне байланысты 12 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Керала тұрғындарына індет туралы жеке түрде хабарланады. Аурудың таралуын бақылау үшін штаттың шекара қақпаларында қауіпсіздік бекеттері орналасқан.

Нипа жедел респираторлық инфекциялар мен энцефалит тудыруы мүмкін. ДДСҰ бұл вирусты жұқтырған адамның 40-75%-ы көз жұматыны туралы ақпарат берді. Алғаш рет "Нипах" 1998-1999 жылдары Малайзияда анықталды, ол мезгіл-мезгіл Бангладеште пайда болады. Оған ем жоқ.




Көрілген: 738    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31