Жұмбақ болып келген әйелдердің басыңқы Х-хромосомасының құпиясы ашылды

23 желтоқсан 2021, 19:23

Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университетіне қарасты іңгекті жасушаларды зерттеу және регенеративті медицина орталығының Ели және Едит Брод есімді ғалымдары тадай жыл ғалымдарға беймәлім болып ккелген әйелдердің Х-хромосомасының екіші көщірмесінің инактивация (белсенділігінің болмауы деп түсіну керек – ред.

 

Х инактивация кейбір әйелдерде болады. Бұл бір X хромосоманың инактивациясы, ол X инактивациясында транскрипцияланған белсенді емес құрылымға айналады. Бұл пайда болғаннан кейін, осы Х хромосома жасуша мен оның ұрпақтарының ағзадағы өмір бойы белсенді емес болып қалады. Белсенді емес Х хромосома Барр корпусы деп аталатын ықшам құрылымға енеді және ол тұрақты түрде тыныш күйде болады - kk.mldunbound.org дерек көзінен) тетігін тапты.

 

Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Сүтқоректілердің ұрғашысының организімінде екі Х-хромосома, яғни, екі бірдей жыныстық гендер жиынтығы болады.

 

Ерлер жасушасында тек бір Х-хромосомасы болатындықтан гендер бір келкі экспрессияланбауы (ген экспрессия дегеніміз, гендегі мұраға қалатын ақпараттың (ДНҚ нуклеотидтерінің тізбектілігі – ред.) нақты функциясы бар өнімге – РНҚ-ға немесе ақуызға айналу процесі – ред.) ықтимал, бұл жайт өз кезегінде организмді түрлі ауытқу мен ақауға ұшыратуы мүмкні.

 

Мұндай жағдай орын алмасы үшін табиғатта белгілі бір мөлшерден асырмайтын, яғни, дозалық компенсация тетігі бар – бұл арада ұрғашының бойындағы Х-хромосомасының бірі толық басыңқы күйде болады.

 

Ғалымдар осы уақытқа дейін аталмыш хромосоманың инактивациясы қалай жүзеге асатынын білмей келген еді, енді белгілі болып отыр бұл жұмбақтың «шешімі» - екі хромосоманың бірінің іске қосылуы кездейсоқ жолмен болады әрі бұл процесте Xist деп аталатын РНҚ молекуласының маңызы зор болып шықты.

 

Xist молекуласы Х-хромосомасының инактивациясы үшін ұрық дамуының ерте сатысында қажет, бұл тарапта ол жүздеген ақуыздармен өзара әрекетке түседі.

 

Ғалымдар бұрын былайша пайымдаған еді: Xist молекуласының көптеген көшірлемелері тұтас хромосоманы толықтай қаптау арқылы оны инактивацияға түсіреді немесе аталған РНҚ-молекуласы геннен генге ауысып отырады, осылайша екі хромосоманың біреуінің ғана белсенді болуына ықпал етеді, өзі ауысқан геннің белсенділігін басып тастайды.

 

Бұл гипотезаны тексеріп көру үшін ғалымдар аталған РНҚ-ның жекелеген молекулаларын флуоресцентті белгімен белгілеп, олардың хромосоманың нақты қай жерінде орналасатынын микроскоп арқылы бақылап көреді. Нәтижесінде Xist молекуласының Х-хромосомасының 50 нүктесінде орналасатыны белгілі болды – осының өзі мыңнан аса геннің сайленсингасына (ажырауына) жеткілікті.

 

РНҚ молекуласы хромосомда көптеген арнайы ақуыздарды тартатын болып шықты. Өзге гендердің  (Polycomb тобына жататын) әрекетінен ДНҚ тығыз жиналғанда Х-хромосомасының барлық гені сайленсинга нүктесі нүктесі маңында болады.

 

Ғалымдар Polycomb тобының ақуыздарын басып тастағанда Х-хромосомасының Xist нүктесі маңындағы аймақтар ғана белсенділік танытқан.

 

Бұл жаңалық несімен құнды? Мәселен, Х-хромосомасының реактивациясы ақыл-ес кемдігін білдіретін Ретта синдромын және Х-хромосомасындағы МЕСР2 генінің мутацитяға ұшырауына байланыстьы ауруларды емдеуде стратегия ретінде қызмет атқарады.

 

 

 

islam.kz