Шартарап

«Жұмыс таппаймын деп уайымдадым»: Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ

  • «Жұмыс таппаймын деп уайымдадым»: Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ

    «Жұмыс таппаймын деп уайымдадым»: Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ

Коронавирус Қытайдың еңбек нарығын тұралатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жұмыссыздық көбейді. Сырттан келген мигранттар тұрмақ, өз халқын жарылқай алмай жатқан Қытай жоғарғы оқу орындарының түлектеріне де жұмыс тауып беруі керек. Олардың саны 8 миллионнан асады. Мұнда қазір індет салдарынан дәстүрлі «Жұмыс орындары» жәрмеңкесі де өтпейтін болған.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытайда жұмыс жөнінде ұсыныстар саны 27%-ке қысқарды. Әсіресе, қызмет көрсету мен ойын-сауық салалары зардап шекті. Бұл – Бейжің университетінің зерттеу нәтижесі. Былтырғы жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда Қытай экономикасының өсімі 6,8%-ке төмендеді. 

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы білікті қызметкерлер қатарына қосылатын түлектер үшін де ең ауыр кезең болмақ. 

«COVID-19 індетінің жайылуынан еңбек нарығы зардап шекті. Алайда жағдайды тұрақтандыру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Қазір адамдар әскери немесе мемлекеттік қызметке қабылданып жатыр. Сонымен қатар ауылды жерлерде білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту мақсатында жастар жұмысқа тартылып жатыр», - дейді Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі Ян Чжэньбинь.

Алдағы уақытта Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ. Ол үшін бірнеше жоба іске асырылды. Мысалы білім министрлігі жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін 100 күндік науқан жариялады. Оған сәйкес арнайы интернет платформада түрлі саладағы бір миллионнан астам жұмыс орны ұсынылды. Бастаманы жергілікті университеттер де қолдап, онлайн жәрмеңке өткізуге кірісті. 

«Алғашында жұмыс таппаймын деп уайымдадым. Алайда университетіміз бізді қызықтыратын жұмыс орындарымен таныса алатын онлайн платформаны ұсынды», - деді студент Ян Жань.

 Жергілікті билік еңбек нарығын қалпына келтіру үшін компания басшысына жұмысқа орналасқан әр қызметкері үшін бір реттік төлем жасайтын болды. Мамандар «екі қолға бір күрек таба алмай отырған жастарға бұл үлкен мүмкіндік дейді. Жоба Чунцин қаласында жүзеге асып та үлгерді. 




Көрілген: 867    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31