Шартарап

Жұмыста көйлек киіп жүрген әйелдерге күніне 600 теңге сыйақы берілмек

  • © Foto: СС0 / Pexels

    © Foto: СС0 / Pexels

Татарстанның "ТАТПРОФ" өндірістік компаниясы "нәзіктік марафонын" іске қосты, алдағы бір айдың ішінде жұмысқа белдемше мен көйлек киіп келген әйелдерге ақшалай сыйақы беріледі.


Негізінен ер азаматтар жұмыс істейтін ұжымдағы әйелдерге белдемше мен көйлек киіп, қарапайым макияж жасап, шашын ретке келтіру ұсынылып отыр.


Нәзіктік үшін күніне 100 рубль (600 теңгеге жуық) ақшалай сыйақы төленеді.


"Говорит Москва" радиостанциясы хабарлағандай, "ТАТПРОФ" корпоративтік мәдениет және ішкі байланыс бөлімінің маманы Анастасия Кириллова бұл бастаманың кәсіпорын жұмысына реңк беру ниетінен туындағанын мәлімдеді.


"Біздің ұжымдағы қызметкерлердің 70%-і ер адам. Мұндай акциялар мен іс-шаралар бізге серпіліс жасауға көмектеседі. Бұл команданы біріктірудің таптырмас әдісі! Әйелдердің көбісі өндірісте шалбар киіп жүреді, сондықтан біздің акция оларға өздерінің нәзіктігі мен тартымдылығын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Қазір жаз, сондықтан мұндай марафон өткізу қисынды", - деп атап өтті Кириллова.


Айта кетерлігі, жұмыста шалбар киюге тыйым салынбайды.


"Нәзіктік марафоны"осы жылдың 27 мамыры мен 30 маусымы аралығында өтеді.


Sputnik


 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31