Канаданың Онтарио провинциясында ер адам экскаватормен элиталық коттедждерді бұзды. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі Ladbible ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Онтариодағы Мускока көлінің жағасында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Көлікте 59 жастағы ер адам болған. Ол арнайы техниканы элиталық базаның аумағына апарып, көл маңындағы үйлерді сүрмек болған.
Канадалық қамауға алынды. Сот 4 мың доллар айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Полиция күдікті демалыс базасының құрылысында жұмыс істегенін айтты. Оны жұмыстан шығарып жіберген.
Оқиға болған аймақ ауқатты туристер арасында танымал.