Жұмысынан соң ер адам құны 10 миллион рубль тұратын бірегей зергерлік бұйымды тауып алған

18 желтоқсан 2021, 01:20

Британдық әуесқой қазына іздеуші Дэвид Эдвард құны 10 миллион рубль тұратын ортағасырлық изумруды бар ерекше түйреуіш алқаны тапқан. Сарапшылардың пікірінше, нарықта онымен салыстыруға болатын бұйым әлі де табылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

44 жастағы Дэвид Эдвард бұйымды үйінің жанындағы жерді металл детекторымен тексеру барысында олжалаған.

“Кеш батқан болатын. Ауа-райы да бұлтты болды. Мен ол жерге жұмыстан кейін күннің батуына бір сағат қалғанда бардым. Қараңғы болғасын ешқандай үмітім де болмап еді. Жарты сағаттан кейін кенет металл детекторым жұмыс істей бастады”,- дейді ол күтпеген жағдай екенін айтып.

Сарапшының пікірінше, зергерлік бұйым XIII ғасырда жасалған және, беделді ақсүйек адамға тиесілі болған.

“Оның бірегейлігіне байланысты түпкілікті бағаны сенімді түрде айту қиын. Себебі нарықта онымен салыстыруға болатын бұйым әлі табылмаған. Кем дегенде 10 мың фунтқа (миллион рубльге) бағаланады, бірақ құны 100 мыңға (он миллион рубльге) дейін көтерілуі мүмкін",-дейді Treasure Hunting журналының редакторы Джулиан Эван Харт.

Бұған дейін екі Британдық зейнеткер екі мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған алтын монеталарды тапқан болатын. Алайда құны миллион фунт стерлинг тұратын (104,1 миллион рубль) жәдігерлерді жасырғаны үшін сотталды.