Шартарап

Жүрегі соқпаған: Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

  • Жүрегі соқпаған: Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

    Жүрегі соқпаған: Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

Үндістанның Морадабад қаласында 40 жастағы ер адамды мотоцикл қағып кетеді. Дәрігерлер оның көз жұмғанын айтып, денесін мәйітханаға жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Ер адамды сойып тексеруге туыстары келісім берген. Шрикеш Кумардың мұздатқышта жатқанына жеті сағат өткен кезде "марқұмның" қалыңдығы оның тыныс алып жатқанын байқап қалған. 

 
Жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, түнгі сағат үш шамасында ер адамды бірнеше рет тексерген, алайда жүрегі соқпаған.

"Осыдан кейін ол өлгендер қатарына жатқызылған, бірақ таңертең полиция мен отбасы оның тірі екенін анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу",  –  деді қаланың бас дәрігері Шив Сингх.

Қазір Кумар Мирут қаласындағы медицина орталығында емделіп жатыр, оның жағдайы жақсарды. Қалыңдығының айтуынша, науқас әлі есін жиған жоқ. Ол Кумардың отбасы салғырттық танытқан дәрігерлердің үстінен шағым түсіруге шешім қабылдағанын хабарлады.




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 00:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31