Шартарап

Жүрегі тоқтап қалған ер адамды тірілтпек болған дәрігерлер оны байқаусызда өртеп жіберген

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында аурухана қызметкерлері пациентті тірілтпек болып, өрт шығарды.


Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған 70 жастағы ер адамды тірілтеміз деп дефибрилляторды қолданған. Мұның алдында олар палатаға оттегінің түсуін тоқтатпаған екен. Салдарынан электр разряды кезінде шыққан ұшқыннан газ тұтанып, палата өртене бастады. Мейірбике құтқарушыларға қоңырау шалып, болған жағдайды баяндап берген.


«Оныншы қабат түтіндеп жатыр. Біз адамдарды эвакуациялап, оттегі беретін құрылғыны өшіруге тырысудамыз. Алайда түтіннің кесірінен, дәлізде ештеңе көрінбейді», - дейді ол.


Дәрігерлер пациентті құтқарып қала алмады. Алайда аурухана қызметкерлері оның өртке дейін қайтыс болғанын айтады. Полицейлер тексеру кезінде оның денесінің күйіп қалғанын анықтады.


Сонымен қатар өрт палатадағы құрылғыны да зақымдаған.


ktk.kz


 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 09:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30