Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жүргізуші мектеп автобусын ішіндегі оқушылармен қоса өртеп жіберді

21 наурыз 2019, 09:02

Миланның төңірегінде жүргізуші ішінде 50-ден астам оқушы отырған автобусты айдап әкетті. Ол сол автобуспен бірнеше полиция көлігін соғып өтіп, сосын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберген. Оған дейін іштегі кей балаларды байлап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Италия полициясының мәліметінше, автобусты өртер алдында жүргізуші балаларға «Ешкім тірі қалмайды» деген. Алайда, шын мәнінде ешкім өлген жоқ, балалар автобустың артқы терезесі арқылы сыртқа шығып үлгерді.Терезені автобустың соңынан қуып жеткен полицейлер сындырған болатын.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам түтіннен уланған, дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Бұл нағыз ғажайып. Әйтпесе бір адам да аман қалмай, нағыз трагедия болар еді», - деді Миланның бас прокуроры Франческо Греко.

Жүргізуші тұтқындалды. Ол - Сенегалда туып-өскен 47 жастағы Италия азаматы екен.

Автобуста балалармен бірге болған мұғалімнің сөзінше, жүргізуші Италияның көші-қон саясатына көңілі толмайтынын бірнеше рет айтқан.

Кей БАҚ өкілдері жүргізуші «Жерорта теңізіндегі адам өліміне тосқауыл қоюды» талап еткенін жазды.