Шартарап

Жүргізушінің көз алдында көлік жер астына түсіп кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Үндістанның Мумбаи қаласында нөсер жауынның салдарынан автокөлік жер астына түсіп кетті.

 

Жердің көлікті "жұтып қойған" сәті әлеуметтік желілерде тарады.

 

 

India Today басылымының ақпаратынша, оқиға Мумбаидың Гаткопар ауданында болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, автотұрақ орнында бұрын тереңдігі 15 метрлік құдық орналасқан. Қала билігі көлік тұрағын жасау үшін жүз жыл тұрған құдыққа бетон құйған. Алайда бір апта бұрын басталған нөсер жауын оны шайып кеткенге ұқсайды.

 

 

Автокөлік иесі Панкадж Мехта темір тұлпарының санаулы секундта суға кеткен сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Ролик желіде кеңінен тарап кетті.

 

"Балалар көлік жер астына түсіп барады деп айғалай бастады. Мен бірден төменге жүгірдім. Көлік жартылай суға кеткен, сол кезде бірден камераны қостым. Қолымнан ештеңе келмеді, автокөлік көз алдымда суға батып кетті", - дейді Мехта.

 

 

Оқиға орнына жеткен полицейлер мен өрт сөндірушілер көлікті құдықтан кранның көмегімен 12 сағаттан кейін алып шықты.

 

ТЖ кезінде зардап шеккендер жоқ.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 19:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31