Шартарап

Журналист террористер тізіміне енді

  • Журналист Светлана Прокопьева.  © azattyq.org

    Журналист Светлана Прокопьева. © azattyq.org

«Терроризмді ақтап сөйледі» деген айып тағылған Ресейдің Псков қаласындағы журналист Светлана Прокопьева Қаржы мониторингі федералды қызметінің экстеремистер мен террористер тізіміне енген. Бұл туралы Прокопьева 4 шілдеде өзінің Facebook парақшасындағы хабарлады.


Журналисттің сөзінше, оның шоттары бұғатталып, ақшасыз қалған. Шоттарының бұғатталуын ол іске жаңа тергеуші тағайындалғанымен байланыстырады. Оның пайымдауынша, жақын арада өзіне ресми айып тағылуы да мүмкін. Бұған дейін Прокопьеванің ісіне қатысты тергеуді 5 қыркүйекке дейін созғаны хабарланған.


2014 жылдан бері Азаттықтың Орыс қызметінің (Радио Свобода) Псков қаласындағы штаттан тыс тілшісі болып істейтін Светлана Прокопьеваның үстінен қылмыстық іс 2018 жылы қарашада қозғалған. Журналист "Эхо Москвы в Пскове" радиосы эфирі кезінде Архангельскіде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ғимараты маңында болған терактінің себептері туралы пікірін білдірген. Ол ФСБ аймақтық басқармасына шабуыл жасап қаза тапқан 17 жастағы жас азаматтың мұндай іске баруына саяси режимнің қысастық көрсеткен іс-әрекеттері және ресейлік жастар арасында кең тараған "күдер үзу" сезімі себеп болуы мүмкін деп топшылаған. Кейін бұл пікірін "терроризмді ақтап сөйледі" деп бағаланып, іс қозғалған.


 azattyq.org




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31