Жүзден аса қызды зорлап өлтірген қылмыскер түрмеде қаза тапты

09 қараша 2018, 17:52

Украинадағы №8 түзеу мекемесінде ең жауыз қылмыскер көз жұмды. Сергей Ткачтың қазасына жүрек жеткіліксіздігі себеп болған деп хабарлайды Life.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осыдан 13 жыл бұрын қамауға алынған Ткач түрмеде 66 жасқа дейін өмір сүрген. Ол түзеу мекемесінде отырып, өзінен 40 жас кішкентай қызға үйленіп алған екен.

Елена есімді ару 16 жасында Сергейдің қамауға алынғанын теледидардан көріп, оған ессіз ғашық болып қалады. Қандықол қылмыскермен бірге болу үшін барын салып, қазір олардың ортақ қызы өсіп келеді.

Ткач өз құрбандары ретінде 9-17 жас аралығындағы жас қыздарды таңдаған. Оларды зорлап, денелерін жасырып отырған.

Қылмыскер 2005 жылы Пологи қаласының маңайындағы өз үйінде құрықталды. Тәртіп сақшылары келгенде "Сендерді 25 жыл күттім ғой" деп қарсы алған екен.

Днепр облыстық соты Ткачтың 37 адам өліміне қатысты кінәсін дәлелдеді. Алайда қылмыскердің өзі тағы да 107 қызды зорлап, мерт қылғанын хабарлапты.