Шартарап

"Жын шығарамын" деп алты жасар ұлының аузына қайнаған су құйған

  • © AP Photo / AJ Mast

    © AP Photo / AJ Mast

Аризонада полиция ұлын өлтірді деп айыпталған 31 жастағы Пабло Мартинесті қамауға алды, деп хабарлайды РИА Новости FOX8 телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеушілер Мартинес баласының аузына ыстық су құйғанын мойындағанын айтады. Ол өзінің бұл ерсі әрекетін "алты жасар ұлының ішінен жын байқағанын, оны қуып шығу үшін аузына ыстық су құю керек деп шештім" деп түсіндірген.
Ер адам ваннадағы ыстық су аққан кран астына баласының аузын тосқанын, ал ыстық су жынды шынымен де қуа бастағанын айтқан. Осылайша ол баласын бес минуттан он минутқа дейін ұстап тұрған.

Паблоның әйелі полицияға қоңырау шалған, алайда оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары баланы төсекте жансыз күйінде тапты.

Сот құжаттарында Баннер университетінің медициналық орталығының бала денесінің 15% күйік шалғанын, сонымен қатар оның көз жұмғанын растаған қорытындысы тіркелген.

Мартинес қазір қамауда.

Өкінішке орай, мұндай қайғылы жағдайлар жиі кездеседі. Бұған дейін Өзбекстанның Наманган қаласында ажырасқан әке алимент төлемес үшін бір жасар баласын суға лақтырып, мерт қылғаны хабарланған болатын.

 kaz.zakon.kz




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 18:03

Достарыңмен бөліс:

2
СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған
2020
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
қаңтар
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31