Шартарап

Кабулда сегіз жетім бала аштықтан қаза тапты

  • Кабулда сегіз жетім бала аштықтан қаза тапты

    Кабулда сегіз жетім бала аштықтан қаза тапты

Ауғанстандағы этникалық хазарлардың саяси көшбасшысы және парламенттің бұрынғы мүшесі Мұхаммед Мохакик Кабулдың батыс бөлігінде сегіз жетім баланың аштықтан қаза тапқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мохакиктің деректеріне сәйкес, балалардың денесі Кабулдың 13-аймағындағы аудандардың бірінде бірнеше апта бұрын табылған. Оларды жергілікті молда мен аймақ тұрғындары жерлеген. 

Молда Мұхаммед Али Бамиани балалардың өлімі жайлы айтып берді. Олардың ең үлкені сегізде, ең кішкентайы бір жарым жаста болған екен. 

"Олардың ешкімі қалмады. Ата-аналары мен жақын туыстары да қаза тапқан", - деді Бамиани.

Бамиани балалардың денесі табылған үйде болғанын айтады. Жетімдердің арықтағаны сонша, өз бетінше қимылдай алмай қалған дейді ол. 

"Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған) қозғалысы басқарып отырған ауған билігі балалар өлімі жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға жақын арада гуманитарлық көмек көрсетілмесе, елде аштық болып, дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп ескерткен болатын.




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 19:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30