Шартарап

Қабырғадағы жағымсыз дыбыстың қайдан шығатынын көрген үй иесі жаға ұстады

  • Фото © Facebook / The Bartlett Bee Whisperer

    Фото © Facebook / The Bartlett Bee Whisperer

Жәндіктер маманы Дэвид Гловер желіде таңғажайып оқиға туралы жазды. Айтуынша, ер адам өзгелердің үйіне ұя салған араларды көшірумен айналысады екен. Алайда оның басынан өткен соңғы жағдай Дэвидтің үрейін қашырыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

 

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Юрикатон ауылының тұрғыны ұзақ уақыт бойы үйінің қабырғасынан біртүрлі дауыстарды естіген. Шулы дыбыс оның мазасын алып, тыныш ұйықтауына кедергі келтіріпті. Сол себепті ер адам Дэвидтің көмегіне жүгінуге шешім қабылдайды.

 

Арнайы маман оқиға орнына келген кезде сыртта бірнеше араның ұшып жүргенін көрген. Алайда жұмысына кіріскен кезде ғана қабырға ішінен ұзындығы 2,5 метр ара ұясын байқапты деп жазады Bored Panda басылымы.

 

 

Қорғаныш костюмін киген Дэвид бірден жұмысқа кірісіп кетеді. Тоғыз сағаттан кейін ер адам аралардың бұл үйге ұя салғанына шамамен 50 жыл болғанын мәлімдейді.

 

Маманның әңгімесі оқырманға ұнағаны сонша, оны 145 мың адам сақтап алды.

 

Сондай-ақ, желідегілер Дэвидтің адамдар үшін маңызды қызмет атқарып келе жатқанын да сөз етті.

 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31